Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
"10 ЖОББМ" КММ-сі «Радуга» қашықтық лагері
11-06-2020 11:10

"10 ЖОББМ" КММ-сі «Радуга» қашықтық лагерінде денсаулықты нығайтуға, салауатты  әдеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ дене тәрбиесіне үлкен назар аударылады. Лагерь жоспары шеңберінде, 8 маусым күні өте қызықты іс-шаралар, атап айтқанда  «Біз салауатты өмір салты үшін!» денсаулық лездемесі өткізіліп, оқушыларға қызықты да, үлгі боларлық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, «Зиянды әдеттерге – Жоқ» акциясы аясында мектеп оқушылары суреттердің онлайн-көрмесіне, бейнероликтер конкурсына ата-аналарымен бірге қатысты. Осындай іс-шаралар балалар бойында салауатты әдеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл шаралардың  барлығы көңілді ойын форматында өткізілді.