Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Биологиялық орталықтың қашықтықтан ұйымдастырған жазғы бейінді экологиялық лагері
19-06-2020 16:31
Биологиялық орталықтың қашықтықтан ұйымдастырған  жазғы бейінді экологиялық лагері

Облыстық балалар биологиялық орталығында қашықтықтан жазғы бейінді экологиялық лагерь өз жұмысын бастады, онда педагогтар қала оқушыларына әлеуметтік желілер арқылы сабақ береді.

Күн сайын балалар әр түрлі іс-шараларға қатысады: таңертеңгі дене шынықтыру сабақтары, экологиялық тренингтер, табиғат туралы бейнелекциялар, жануарлар мен құстардың зоологиялық коллекциялары бойынша виртуалды экскурсиялар, сондай-ақ шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады және туған өлкенің табиғаты туралы білімдерін тереңірек толықтырады.

Балалар жүйелі түрде Орталықта өмір сүретін жануарлар мен құстарға күтім көрсету, оларды тамақтандыру ережелері туралы ақпараттар дайындайды және олармен кездесуді тағатсыздана күтуде.

Педагогтар құрастырған бейнетүсірілімдер арқылы балалар көкөніс, жеміс-жидектер, сәндік гүлдер, дәрілік өсімдіктерді өсіру және күту бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгереді