Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жаз - балалардың қуанышты шақтары!
21-07-2020 15:50
Жаз - балалардың қуанышты шақтары!

Жазмаусымы жылон екі айдың ішіндегі ең жарқын да көңілді мезгіл.Жыл бойы бір сарыңды оқу іс-әрекеттері балаларды жалықтырып жібереді. Сондықтан олар жаңаша серпілуді, әсерлі кезеңдерді аңсайды.

2 маусымнан бастап балалар биологиялық орталығы қашықтық форматта жазғы экологиялық лагерь жұмысын жалғастыруда, лагерьге 500–ден астам мектеп оқушылары, орталық үйірмелерінің жас натуралистері, сондай-ақ флора мен фаунаны зерттеуге құштар табиғат әуесқойлары қатысты. Жаңа форматта педагогтар балаларды экологиялық – биологиялық бағытта жеміс-жидектер, көкөністер, гүлдер, бұталы ағаш өсімдіктерін өсіру  тәжірибелерін үйретуде, сонымен қатар үй жағдайында жануарларға күтім көрсету мен асырау ережелері бойынша дәріс беріп келеді.

Педагогтар білім беру бағдарламаларына сәйкес күнтізбелік – тақырыптық жоспарлар, ақпараттық – коммуникативтік технологияларға талдау жұмыстарын жүргізеді, сабақтарды барынша қолжетімді және тиімді ұйымдастыруда. Сабақтар қызықты және танымды болу үшін презентациялар, бейнефрагменттер, бейнероликтер әзірленді. Оқу сабақтары «Whatsapp», «Instagram», "Вконтакте", «Telegram», «Zoom» платформасында, сондай-ақ биологиялық орталықтың biodetcenter.kz. сайтында жүргізіледі. Педагогтар мен балалар арсындағы кері байланыс білім алушылардың толтырған кестелері, сызбалары, суреттер мен рефлексия түрінде өтеді. Экологиялық күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған онлайн-байқаулар да ұйымдастырылады. Әрине, шығармашылық жағына да көңіл бөлінеді, балалар өз өнерлерін көрсетеді: би де билейді, әндер де айтады, суреттер де салады.

Биылғы жылы лагерь қашықтық форматта өтіп жатса да, балалар өздерін бір сәт болсын зерттеуші ретінде, табиғат әлемінің сұлулығы мен нәзіктігін сезінуде, тірі табиғаттың сақталуына қосар жеке үлестері мен жауапкершілігін тереңірек түсінуге мүмкіндік алуда.

Жақын арада барлық шектеу шаралары аяқталып, бұрынғыдай  қалыпты жұмыс тәртібіне ораламыз деп үміттенеміз, себебі балалар педагогтармен, бірге оқитын достарымен қауышуға және сүйікті жануарларымен кездесуді асыға күтуде.