Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Облыстық онлайн семинардың қорытындысы
11-02-2021 17:18
Облыстық онлайн семинардың қорытындысы

2021  жылғы  10 ақпанда  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне және облыстағы Қ.О.Бітібаева зертханасы жетекшілеріне арналған «Қ.О.Бітібаева  атындағы республикалық ғылыми - әдістемелік зертханасы - инновациялық орталық алаңы» тақырыбында онлайн - семинар өткізілді.

Диалогтік алаңға 16 зертхананың жетекшілері өздерінің іс- тәжірибесімен бөлісті.

Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияда ашылған академик Қ.О.Бітібаева зертханасының жетекшісі Жакенова Құралай Құралтайқызы «Қашықтықтан оқыту кезінде «Дәуірдің дара ұстазы» атанған Қ.О.Бітібаева шығармашылығы тәрбие мен сабақ үдерісінде» тақырыбы бойынша зертханада атқарылған іс-шаралы туралы шығармашылық есеп беріп, алдағы жоспарларымен таныстырып, әріптестерімен іс-тәжірибе бөлісті.