
Семей өңірі мектептерінің «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері және АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары арасында «Халық қаһарманы» генерал-лейтенант Б. Ертаевтың Кубогына әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша онлайн форматта қалалық жарыстар өткізілді. Жарысқа 80 оқушы қатысты.
Жарыстар қоссайыс түрінде - автоматты жартылай жинау және оқжатарды толтыру бойынша өткізілді.
Жарыстар қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: 1 орын – «Бұлақ ЖОББМ» КММ командасы (АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы К. А. Бекбосынов);
2 орын – «Шүлбі мектеп-кешені» КММ командасы (АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы Т. Т. Таканов); 3 орын – «№ 22 ЖОББМЛ» КММ командасы (АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысыО.О. Кобелеков).