Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Олимпиада өткізу туралы ақпарат
16-02-2021 16:28
Олимпиада өткізу туралы ақпарат

2021 жылғы  ақпан айының 8 мен 13 аралығында Семей қаласында  негізгі пәндер бойынша Олимпиада өткізілді. Бұл олимпиада жаңа форматта, онлайн режимде өтті.

Тарих пәні бойынша келесі орта мектептер бірінші орынды иеленді: № 35 ЖОББМ, Исадилов атындағы орта мектеп;

Құқық негіздері бойынша бірінші орын: № 37 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия, № 6 гимназия, № 16 ЖОББМ;

География бойынша бірінші орын:  № 37 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия, № 3 ЖОББМК, № 47 ЖОББМ.

Өткен 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда Қазақстан тарихы бойынша мына мектептер нәтижелерін жақсартқаны байқалады: Исадилов атындағы ЖОББМ, Озерка ОМ, № 4, 9, 29, 30, 43, 47, 44, 48 ЖОББМ. Бұған дейін бұл мектептерде жүлдегерлер болған жоқ.

Құқық негіздері бойынша: ОМ № № 3,4, 25, 26, 47, Озерская, Шүлбі ЖОББМК, Шүлбі ЖОББМ нәтижелерін жақсартты, бұл мектептерде де  жүлдегерлер болған жоқ.

География пәні бойынша №7 ЖОББМ, № 22 ЖОББМЛ, № 44 ЖОББМ, Түрксіб ЖОББМ нәтижелерін жақсартып, жүлделі орындарға ие болды.