Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша онлайн форматта қалалық жарыс
18-02-2021 10:33
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша онлайн форматта қалалық жарыс

Семей өңірі мектептерінің «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері арасында интернационалист – жауынгер, аға лейтенант К. Ахметовты еске алу Кубогіне әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша онлайн форматта қалалық жарыстар өткізілді. Жарысқа 80 оқушы  қатысты.

Жарыстар қоссайыс түрінде -  автоматты жартылай жинау және оқжатарды толтыру бойынша өткізілді.

Жарыстар қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: 1 орын – «Бұлақ ЖОББМ» КММ командасы (АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы К. А. Бекбосынов);
2 орын – «№ 22 ЖОББМЛ» КММ «Жас сарбаз» сыныбының командасы (офицер-тәрбиеші Е. Б. Смагулов); 3 орын – «Шүлбі мектеп-кешені» КММ командасы (АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы Т. Т. Таканов).