Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Оқы және жеңіске жет» байқауының қорытындысы
18-02-2021 12:10
«Оқы және жеңіске жет» байқауының қорытындысы

2021 жылдың 5 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсы өтті.

Бір ай көлемінде қатысушыларға шетелдік және қазақстандық авторлардың бірқатар кітаптары ұсынылды.  Оқушылар оқыған кітаптары бойынша онлайн-викторинаға қатысты.

Семей қаласына 200-ден астам мектеп оқушылары қатысты, оның 120-дан астамы жүлдегерлер.

9 ақпанда қатысушылар үшін онлайн-кездесу (Zoom платформасында және Facebook әлеуметтік желісі)кітап авторларымен - қазақстандық балалар жазушыларымен ұйымдастырылды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға одан әрі жетістіктер тілейміз!