Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Дойбыдан қалалық мектеп оқушылары арасындағы қашықтықтан өткен жарыстың қорытындысы
22-02-2021 10:29
Дойбыдан қалалық мектеп оқушылары арасындағы қашықтықтан өткен жарыстың қорытындысы

Балалар мен жастар шығармашылығы сарайының ұйымдастыруымен 2021 жылдың ақпан айының 18-19 күндері дойбыдан қалалық мектеп оқушылары арасындағы қашықтықтан жарыс өтті.  Жарысқа қызығушылық білдіріп 32 оқушы қатысты. Жарыс http://www.iggamecenter.com  сайт арқылы ойнатылды. Жарысқа қала мектептерінен 2008 жылғы және одан төмен қарай жасөспірімдер екі топқа бөлініп  қатысты. Әр турдың қорытындысы ойын барысында компьютердің есептеуімен көрсетіліп тұрды. Әр ойынға 10+10 минуттан 20 минут уақыт берілді.

Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша, жүлделі орын иегерлері анықталды.  І орынды Шакаман орта мектеп оқушысы Жанарбекова Таншолпан, ІІ орынды №44 орта мектеп оқушысы Бейсенғажы Бекасыл және ІІІ  орынды Шәкәрім ат-ғы  гимназия оқушысы Дәлел Нұрасыл  иеленді.

ІІ топ бойынша  І орынды №37  мектеп-гимназия оқушысы  Ғазиз Мейіржан, ІІ орынды №18 орта мектеп оқушысы Сапарбеков  Ерболат  және ІІІ  орынды №49 орта мектеп оқушысы Құрманова Нұрай  иеленді. Жарыс жеңімпаздары мадақтама грамотасымен марапатталды.