Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде В.В.Воскобович технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық вебинар
22-02-2021 17:05
«Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде В.В.Воскобович технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық вебинар

«Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығындажас мамандарға арналған «Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде В.В.Воскобович технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық вебинар өтті.  Шағын орталық педагогтары өз іс-тәжірибелерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолданады. Сол технологиялардың бірі  - В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындар кешені. Воскобовичтің ойындары арқылы балалардың танымдық, логикалық, ойлау дағдылары артады; балалардың танымдық қызығушылықтары мен зерттеу дағдылары дамиды; байқағыштықтары, қиялдары, ойлау, есте сақтау қабілеттері, назарлары мен шығармашылық қабілеттері, балалардың эмоциялық бейнелегіштіктері мен логикалық ойлары үйлесімді дамиды; қоршаған орта туралы көріністері, математикалық ұғымдары қалыптасады. Воскобовичтің дамытушы ойындарыныңкөмегімен көптеген білім беру міндеттерін шешуге болады. Сәбилер сандар мен әріптерді меңгере бастайды; түс, пішінді біледі және есінде сақтайды; қолдың ұсақ моторикасын шынықтырады; тілін, ойын, зейінін, есте сақтауын, қиялын жетілдіреді. Вебинардың іс-тәжірибелік бөлімінде шағын орталық тәрбиешілері геоконт, Воскобович шаршысы, кілемграф, әріптер лабиринті, түрлі-түсті жіпшелер, күлгін орман дамытушы ортасы т.б. әдіс-тәсілдерді пайдаланып ұйымдастырылған оқу қызметтерінен үзінділер ұсынды.