Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ашық есік күні
21-11-2017 04:01
Ашық есік күні

2017 жылдың 17 қарашасында «№10 ЖОББМ» КММ іс-тәжірибемен алмасу мақсатында ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараға қала мектептерінің директорлары шақырылды. Күннің тақырыбы: «Жан басына қаржыландыру: тәжірибе, мәселелер, шешім». Қала мектептерінің басшылары жан басына қаржыландыру апробациясының жағдайымен танысты. Сынақтың аралық қорытындысына талдау жасалды, жан басына қаржыландыруға көшудің артықшылықтары мен басымдылықтары айтылды. Үш диалог алаңында жан басына қаржыландыру шеңберіндегі әдістемелік жұмыстың үрдісі көрсетілді. «Мұғалімнің шығармашылығынан оқушының шығармашылығына» атты дөңгелек үстел өткізілді. «Құқық әлемі: білімнен іс-әрекетке» атты интерактивті сессия болды. Мектеп жас заңгерлер ассоциациясымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.