Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
XI қалалық Жомарт Базенұлы атындағы физика, математика олимпиадасы
29-04-2019 15:26
XI қалалық Жомарт Базенұлы атындағы физика, математика олимпиадасы

2019 жылдың 26 сәуірінде №16 ЖОББМ 5-7 сыныптардың оқушылары арасындағы XІ қалалық Жомарт Базенұлы атындағы физика, математика олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға барлығы 130 оқушы қатысып, 34 оқушы жүлделі орындарды алды.  І орындарды 5-сыныптар арасында  № 7 МЛ оқушысы Коротков Влад және № 6 гимназия оқушысы Джакипов Алемжан, 6-сыныптар арасында  №6 гимназия оқушысы Попов Вадим және ЭЛ оқушысы Алеев Альтимир, 7-сыныптар арасында № 6 гимназия оқушысы Абдураимов Нурали жеңіп алды.  

Олимпиада барысында физика және математика пәні мұғалімдері үшін семинар ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу мақсатында келесі мұғалімдер сөз сөйледі:

  • Б.Д. Хамитова, №16 ЖОББМ физика пәні мұғалімі - «Физика пәнін үш тілде үндестіре оқыту»;
  • Т.М.Кусаинов, №16 ЖОББМ математика пәні мұғалімі - Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы;
  • Л.К.Тилеубекова, №39 ЖОББМ физика пәні мұғалімі - «Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өздігінен білім алу қабілеттерін жетілдіру»;
  • Г.Б. Бочарова, Е.Н.Матюшкина №6 гимназиясының математика, физика пәні мұғалімдері - «Оқушы жетістігі – мұғалім шеберлігінде».