Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Математикалық регата» олимпиада
29-04-2019 16:08
«Математикалық регата» олимпиада

2019 жылдың 17 сәуірі күні Ақтау қаласының «Білім-инновация» лицейі базасында педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатында республика көлемінде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 19 команда, 76 мұғалім қатысты. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды және қатысушылар әр кезеңде 3 математикалық есептен шығарды. Аталған олимпиадаға қатысу үшін "Шығыс" орталығы ұйымдастырған "Математикалық регата" республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде I-ші орын Сүйгембаев Ақжол Жеңісұлы, ДБА Жамбыл атындағы ОММГИ, II-орын Кусаинов Талғат Мейржанұлы, Т. Аманов атындағы 16 жалпы орта білім беретін КММ, III -орын Оразақынұлы Нурсейіт Жарма ауданы "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ, III-орын Анибаев Жагыпар Мукатаевич Бородулиха ауданы, мұғалімдері Шығыс Қазақстан облысын құрамасын құрады.