Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Ой - ойна» ойын технологиясы зертханасы
29-04-2019 16:20
«Ой - ойна» ойын технологиясы зертханасы

В 2016 жылы ШҚО маслихаты сессиясының шешімі, «Дарынды мектеп» жобасын жүзеге асыру туралы білім бөлімінің бұйрығының негізінде №1 «Арман» ясли – бақшасында «Ой -ойна» ойын технологиясы зертханасы құрылды, онда «Valeo» эксперименттік интеллектуалдық дамыту курсы өтуде. Эксперименттік курстың мақсаты - денсаулық сақтау білім беру кеңістігі жағдайында ойын, оқыту, дамыту және конструктивті іс-әрекет процесінде мектепке дейінгі балалардың зияткерлік – шығармашылық дамуының негізі ретінде логикалық және бейнелі ойлауды дамыту болып табылады.«Valeo» интеллектуалдық дамыту курсы Өскемен қаласының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Арман» ясли – бақшасы арасындағы жоспардың негізінде бірлескен жұмыс екі жақтың серіктестік меморандумына қол қою арқылы жүргізілуде.      Қаламыздың мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілеріне арналған «Ой-ойна» ойын технологиясы – заманауи қажетті инновация» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша «Ой-ойна» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызыметінен (ҰОҚ) бірнеше ашық үзінділер көрсетілді.  Семинар қатысушыларына 1-ші кіші тобынан бастап ересек топ балалары өздерінің білім, білік дағдыларын көрсетті. Тәрбиешілер Джамбаева Л.Ж., Құдайбергенова М.А., Имангалиева  Б.Қ., ағылшын тілінің мұғалімі Базарбекова Л.Мәр жастағы балалардың конструктивтік ойындарды меңгерудегі жүйелі білімі мен дағдыларын көрсетті.  Осы бағдарламаның жаңалығы білім беру салаларының интеграциясын, балалардың зияткерлік-дамыту ойынындағы ойын әлеуетін көрсетті. ҰОҚ-басқа шақырылған педагогтар «Мәңгілік Ел» мұражайының жұмысымен, тренингтегі қызықты психологиялық-педагогикалық жаттығулармен танысты, сондай-ақ «Миға шабуыл» ұжымдық-шығармашылық жұмысқа белсене қатысып, онда мектепке дейінгі мекеме түлегінің моделін ұсынып қорғады. «Рухани жаңғыру» және жоғары рухпен отансүйгіштік идеялары «Мен қазақпын» атты балалардың өнер шығармашылығында айқын көрініс тапты. Концерттік бағдарламаның авторы Санбаева А.К., жүргізуші Ақанова М.Қ. шығармашылық арқылы әрбір көрерменге шығармашылық, рухани-адамгершілік ойлау мәдениетінің негізі ретінде балалардың сезімдік-эмоционалдық көңіл-күйін және патриоттық сезімдерін жеткізе білді. 

    Осыдан екі жыл бұрын №1 "Арман" ясли-бақшасы, алғашқы мектепке дейінгі мекемелердің бірі болып мемлекеттік мүлікті сенімділік басқару түрінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысанына көшті. Бұл жеке инвестордың меншікті қаражатын материалдық-техникалық базаны (МТБ) дамытуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге салуды білдіреді.Осы жылдар ішінде балабақша-бақшасында МТБ-ның мазмұны көрнекі түрде өзгерді, әдістемелік кабинеттің безендірілуі мен жабдықтары жақсарды, 420 мың теңгеден астам сомаға "Valeo" зияткерлік ойын  жиынтықтары сатып алынды, ескі асфальт ауыстырылды, қақпаның қоршауы, балабақша аумағы абаттандырылды.Сенімгер басқарушы Б. А. Каштекованың тарапынан балалардың болуына жаңа жағдайлар жасалды: ата-аналардың өтініші бойынша коммерциялық топ ашылды, педагогтар жоғары еңбек нәтижелілігі үшін сыйақылармен ынталандырылады.  Өткізілген іс-шара педагогтарды, қызметкерлерді балалармен бірлескен жұмыстың қызықты, шығармашылық нәтижелеріне ынталандырды. Семинарға қатысқан жас педагогтар өздеріне көптеген жаңа идеялар алды, «Ой ойна» технологиясы мен әдістемесін зерделеді және ең бастысы, көрген инновациялық жұмыс тәжірибесін өз жұмысында пайдалануға ниет білдірді.