Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ашық есік апталығы «Мектеп және ата-аналар: ынтымақтастықтан бірлестікке»
30-04-2019 15:55
Ашық есік апталығы «Мектеп және ата-аналар: ынтымақтастықтан бірлестікке»

22-26 сәуір аралығында «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп»» КММ - да «Мектеп мен ата-аналар: ынтымақтастықтан бірлестікке» атты ашық есік апталығы өтті. Мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қамтитын іс-шаралары өткізілді.

Ата-аналар сабақтарға қатысып, спорттық шараларға қатысты. Соңымен қатар, болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін да мектеп өзінің есігін ашты.

Аптаның негізгі шарасы диалогтық алаңдар болды. Олар бірнеше секциялар бойынша жұмыс атқарды:

  • «Жетістік баспалдығы»;
  • «Мектеп – құқықтық тәртіп аумағы»;
  • «Үш тілділік заман талабы: физика пәнін ағылшын тілінде оқытудағы алғашқы қадамдар»;
  • ««Күнделік» және «Білім Ленд» балаларға»;
  • «Мен және менің баламмен байланысты қалай жоғалтпауға болады»;
  • «Ашық микрофон».

Ашық есік апталығы «Мектеп және отбасы – бала тәрбиелеудегі серіктестер» тақырыбындағы конференциямен аяқталды. Конференция барысында мектеп директоры Жанар Манатқызы Раймбекова, 2018-2019 оқу жылының үш тоқсанның қорытындысына тоқталып, жетістіктерге назар аударды. Соңымен қатар, мектеп оқушылары ата – аналар алдында  концерттік бағдарламамен конференцияны қорытындады.

Ата-аналар мектептің ұжымына үлкен алғыс айтып, одан әрі табыстар тіледі, сондай-ақ ынтымақтастық келешекте одан да тығыз болатынын атап өтті.