Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Семей қаласының мектептерінде өткізілген ОЖСБ – 2019 туралы
30-04-2019 18:11
Семей қаласының мектептерінде өткізілген  ОЖСБ – 2019 туралы

Ағымдағы жылдың сәуір айының 19 мен 24 аралығында жалпы орта білім беретін ұйымдардың 4-9-11 сынып оқушылары арасында оқушылар жетістіктерінің сырттай бағалауы (ОЖСБ) жүргізілді.

ОЖСБ №№1, 3, 4, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 17,18, 20, 22, 23, 27, 31, 34, 36, 38, 40, 41, 48 орта мектептер базасында және № 6, № 37 гимназияда, экономикалық лицейде кешенді тестілеу нысанында, қағаз нұсқада және заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен жүргізілді:

19 сәуір күні:4,9,11-сыныптарының (№№ 3, 4, 12, 15, 17, 20, 23, 36,
40, 41, 48)  1670 оқушысының 1593 оқушысы немесе 94 % қатысты.

Қала бойынша орташа балл көрсеткіші – 44,5 балл.

22 сәуір күні – 4-сыныптың 1476 оқушысының 1420 оқушысы немесе  96,2 % қатысты. Қала бойынша орташа балл көрсеткіші – 22,5 балл.

23 - 24 сәуір күндері -  9, 11 сыныптардың 1227 оқушысының 1179 оқушысы немесе  96% қатысты. Қала бойынша орташа балл көрсеткіші – 57 балл.

Қала бойынша ОЖСБ рәсімімен барлығы 4373 оқушының
4192 оқушысы қамтылды немесе  95,8 %.

Қала бойынша орташа балл – 72,1  құрады.

4 сыныптар үшін – тестілеу 2 пән (математика, қазақ/орыс тілі) бойынша жүргізілді. Тестілік тапсырмалардың жалпы саны - 30, жалпы тестілеу уақыты- 70 минут (1 сағат 10 минут); екі пән бойынша ең жоғары балл - 30 балл.

9 сыныптар үшін – 2 пән бойынша тестілеу (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі), (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі міндетті), бір таңдау пәні. Тестілік тапсырмалардың жалпы саны - 60, жалпы тестілеу уақыты - 130 минут (2 сағат 10 минут); екі пән бойынша ең жоғары балл -  75 балл.

11 сыныптар үшін – 3 пән бойынша тестілеу (қазақ тілі, 2 таңдау пәні). Тестілік тапсырмалардың жалпы саны - 80, жалпы тестілеу уақыты - 140 минут  (2 сағат 20 минут); үш пән бойынша ең жоғары балл -100.

Тапсырмалар жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары негізінде құрылған және осы бағдарлама шеңберінен ауытқушылықтар жоқ.   ОЖСБ нәтижелері Шәкәрім атындағы СМУ жанындағы Ұлттық тестілеу Орталығы филиалында өңделді.   

ОЖСБ жүргізілуіне бақылау білім саласындағы бақылау Департаментімен (БСБД), білім және ғылым Министрлігінің уәкілетті өкілдерімен жүзеге асырылды.