Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы
04-05-2019 15:25
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы

2019 жылдың 3 мамырында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 6-11 сынып оқушылары арасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы өтті.   

 Облыстық пән олимпиадаға Семей қаласынан 9 оқушыдан құралған №22 мектеп-лицейінің командасы қатысты.

Олимпиада мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі І орындыСерібекұлы Нұржан иеленсе, ІІ орынды Мамытова Аяулы иеленді, ал Кенжегалиева Шырын мен Бекмұхаметова Гүлім ІІІ жүлделі орынға ие болды.   

 Барлық қатысушыларға сертификат берілді.