Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мамандықтар шеруі» кәсіби бағдар беру шарасы
04-05-2019 21:11
«Мамандықтар шеруі» кәсіби бағдар беру шарасы

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі.  Қуанышы да, ауыртпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселе туралы 2019 жылғы 4 мамырда өткен  «Мамандықтар шеруі» атты шарада, қала мектептерінің 9,10,11-сынып оқушылары  шешімін таба алды.

Аталмыш іс- шара Ертіс жағалауында өтіп, Семей медициналық университеті, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Бизнес және сервис колледжі,  Құрылыс колледжі, Семей медициналық колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі, сервис колледжі, Геодезия және картография колледжі,  Электротехникалық колледжі, ШҚО технологиялық колледжі, Агробизнес және казпотребсоюз экономика колледжі, М.Чайжунусов атындағы электронды колледжі, Қөлік колледжі, «Қайнар»  жоғары колледжі, Спорт колледжі,  технологиялық колледжі, Қызмет көрсету колледж өкілдері  өздерінде оқытылатын мамандықтармен түрлі формада таныстырды. Шараға қала мектептерінің  9-11-сыныптардан 3500 оқушы қатысып, олардың мамандықтар туралы құнды ақпарат алғандығына сенімдіміз.