Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Математика және жобалау
06-05-2019 11:19
Математика және жобалау

2019 жылдың 1-5 мамыры аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында XIII Халықаралық «Математика және жобалау» олимпиадасы өтті.

Байқауға Ресей Федерациясы, Қазақстан және Болгария зияткерлері қатысты. 6 номинация бойынша ғылыми жобаларды қорғау Мәскеу мемлекеттік аймақтық университетінің қабырғасында өтті, оқушылар «Математикалық әлем» зияткерлік квестіне қатысты. Зияткерлер командалары математика және геометрия бойынша ұсынылған тапсырмалар бойынша бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойыншаСемей қаласынанШәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 10 сынып оқушысы Кабыкенова Аминажүлделі орынға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.