Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жас математик», «Жас физик» 5-8 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасы.
06-05-2019 17:11
«Жас математик», «Жас физик»  5-8 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасы.

2019 жылдың 4 мамырында «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде» «Жас математик», «Жас физик» 5-8 сынып оқушыларына облыстық олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаралыстану-математика пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен тәжірибелік қабілеттерді тереңдету, зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешуде белсенділікті, дербестікті, креативтілікті дамыту.

Семей қаласының дарынды балалары, 5-8 сынып оқушылары математика, физика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

1-орын - Әмір Әмәрәлі – Экономикалық лицей, 5 сынып (математика)

1-орын - Попов Вадим – №6 гимназия, 6 сынып (математика)

1-орын - Абдураимов Нурали – №6 гимназия, 7 сынып (математика)

1-орын - Чайкина Маргарита – Экономикалық лицей, 7 сынып (физика)

1-орын - Аленов Искандер – №6 гимназия, 8 сынып (физика)

Олимпиада жеңімпаздары, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!