Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қалалық «Мен атамның ұлымын» байқауы
08-05-2019 16:47
Қалалық «Мен атамның ұлымын»  байқауы

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында  ұлы халқымыздың  ұлылығын ұлықтап,  ұлттың уызына қаныққан ер балалар арасында «Мен атамның ұлымын» қалалық байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Осы жылы сайыс  Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңына орай өткізілді. Байқауға қала мектептерінен келгенбарлығы 7   үміткер  қатысып, бақ сынасты.

Бұл байқаудың мақсаты: жанұя бірлігін шыңдай отырып, ондағы ұл балалардың болашақ  шаңырақ  иелері екенін таныту, халқымыздың  салт-дәстүрін дәріптеу,  қоршаған ортаға дұрыс көзқарас  қалыптастыру, адамгершілік, отансүйгіштік  қасиеттерге тәрбиелеу, баланың еңбекке ынтасын күшейту, бос уақытты тиімді пайдалануды  ұйымдастыру болып табылады.

Қатысушы үміткерлердің  жан-жақты ортаға бейімділігі бірден байқалды. Таныстыру кезеңінде барлық сайыскерлер  «Жеті атасын білген ер, жеті рудың қамын жер» дегендей  көрермендерге жеті атасын таныстыра   білді. «Ел іші – өнер кеніші» бөлімінде  өнерпаздарымыз көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.    «Білімді мыңды жығар» кезеңінде сайыскерлер берілген сұрақтарға мүлт етпей жауап беріп, білімі мен зеректігін байқатты.

Байқау  қортындысы бойынша   №22 мектеп-лицейінің оқушысы Серікбаев Сұлтан  «Бас жүлдеге» ие болды. №35 ЖОББМ оқушысы Әсетұлы Дархан  І-орынды иеленсе, ІІ-орынға №4 ЖОББМ оқушысы Сұлтан Сафуан ие болды, №22 МЛ оқушысы Ерболов Ерали және №15 ЖОББМ оқушысы Балташев Алиби ІІІ-орынға ие болды. 

Байқауға қатысқан барлық талапкерлер естелік сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Сайыскерлеріміз  алдағы уақытта еліміздің мақтанышы болар азаматтары   болатынына сенеміз.