Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Аула клубтарындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрме
13-05-2019 09:26
Аула клубтарындағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрме

1 мамыр қарсаңында «Ұлы даланың жеті қыры» атты  аула клубтарының балалары қолдан жасаған бұйымдарының көрмесі № 12 кітапханада өтті. Іс- шараны ұйымдастыруға «Бүлдіршін» аула клубы мұрындық болды (ұйымдастырушы – педагог Р.Әлмұратова).

Қаланың 6 аула клубтарынан 28 бала қолда бар заттардан жасалған әртүрлі бұйымдарды ертерек дайындап, көрермендерге тарту етті. Көрмені өткізу аясында  қатысушылар ән айтудан, билеуден және сурет салудан өз шеберліктерін көрсетті.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша «Дарын» аула клубы 1-ші орынды, 2-ші орынды – «Болашақ» және «Жемчужина» аула клубтары, ал 3-ші орынды «Бүлдіршін», «Метеор» және «Кристалл» аула клубтары иеленді. Барлық көрмеге қатысушылар естелік дипломдарымен марапатталды.