Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Бала әлемі» балалар шығармашылық көрмесі
28-05-2019 17:21
«Бала әлемі» балалар шығармашылық көрмесі

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының №2 корпусында мамырдың 23-24 күндері балалардың шығармашылық көрмесі өтті.

Көрмеге оқушылардың сәтті шыққан қолөнер бұйымдары қойылды. Бұйымдар түрлі материалдардан жасалған. Мысалы, жүннен басылған гномның қалпағы, папье-маше әдісімен жасалған оюлы құмыралар, тұзды қамырдан жасалған «Көне қаладағы Наурыз» атты топтық жұмыс қатысушыларға қатты ұнады. Тағы сол сияқты мүсіндеп, жапсыру әдісімен  жасалған «Жасыл орман», «Таудағы жайлау» атты жұмыстар қызықты болды.

Балалар көрмені ата-аналарымен бірге келіп тамашалады. Көрме балалардың көңілді күлкісі мен қуанышына толы болды. Оқушыларға мақтау грамоталары тапсырылды және олар келесі оқу жылын асыға күтетіндерін айтып тарасты.