Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жүректен жүрекке» акциясы
30-05-2019 14:54
«Жүректен жүрекке» акциясы

Жыл сайын өткізілетін «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аяқталады.

Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінен балалардың 100 тілегі келіп түсті. Мейірімді, қайырымды адамдар киім-кешек, аяқ-киім, ойыншықтар,  танымдық кітаптар мен ойындар, энциклопедиялар, шығармашылыққа арналған жиынтық сыйлай отырып, аз қамтылған, көп балалы, қамқоршылықтағы отбасы балаларының армандарының орындалуына көмектесті. Педагогикалық ұжымдар, ата-аналар қауымдастығы, мектептің қорғаншылық кеңесі, жеке кәсіпкерлер және тағы басқалар демеушілік көмек көрсетті. ЖК «Ермекбаева А.К.» аз қамтылған көп балалы отбасы балаларының 10-нан астам тілектерін орындауға белсенді қатысып және ШҚО Білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Білім бөлімі балалардың өтініштері мен қажеттіліктеріне бей-жай қалмай, көмек қолын созған барлық адамдарға алғысын білдіреді.