Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ІІ республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
31-05-2019 09:19
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ІІ республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

Қазақстанда Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы екінші рет өткізілді. Биылғы жылы да ол астанада өтті. Өткізу мерзімі - 27-29 мамырда. Өткізу орны - «NURORDA» мектеп-лицейі.  

Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын арттыру.

Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық аймақтарынан 223 оқушы іріктеліп, 219 оқушы қатысты. Біздің қаламыздан екі оқушы қатысты:биологиядан Курбатов Антон (7 сынып, №6гимназия)және физикадан Новикова Екатерина (8 сынып, №28ЖОББМ).

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушыларына өте қарқынды және қызықты бағдарлама әзірленді. Интеллектуалды сайыстан басқа, өте қызықты экскурсиялар, психологиялық тренингтер, интеллектуалды және қозғалмалы ойындар өткізілді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алдын-ала команда жетекшілері ретінде олимпиадаларға қызығушылық танытатын, математика пәні мұғалімдерін арнайы шақырды. Олимпиада аясында өткен семинарда республикамыздың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары атақты мұғалім Муаммер Гюль және жас, ең нәтижелі тренер Хаджимуратов Нурсултан шебер-сыныптар өткізді. Мұғалімдерге Саясат Нұрбекпен кездесу ұйымдастырылып, «XXІ ғасырдың басты құзіреті. Кәсіби бағдарлау баланың даму жүйесі ретінде» тақырыбында ой бөлісті. 

Қазылар алқасының шешімімен Курбатов Антон ІІІ дәрежелі дипломмен және Олимпиада демеушісі «ExxonMobil Kazakhstan Inc.» компаниясының бағалы сыйлығымен марапатталды.

Біздің жас олимпиадашыларды, ата-аналарың және мұғалімдерің Олимпиаданың аяқталуымен құттықтаймыз және тамаша жазғы демалыс тілейміз!