Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
1 маусым – балаларды қорғау Күні!
01-06-2019 18:52
 1 маусым – балаларды қорғау Күні!
Семей қаласында 1 маусым  Халықаралық балаларды қорғау күні айқын оқиғаларға толы болды: қаланың жалпы орта білім беретін мектептері, колледждері мен қосымша білім беру ұйымдарының  балалар және жастар музыкалық оркестрлерінің, ансамбльдері мен ұжымдарының дәстүрлі шеруі, Ертіс өзенінің жағалауында республикалық  «Нұрлы болашақ» акциясының аясында қаланың барлық балалары үшін мереке өткізілді.
Шеруге 70 астам білім беру үйымы қатысып, бұл ұжымдар көрнекті костюмдер әзірлеп және өнер көрсетті. Әсерлі де, қызықты мереке өз балаларымен бірге мерекеге келген ата-аналарға жақсы әсер қалдырды. 
Шеруге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметов қатысып, қатысушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтады! 
Біздің қаламыздың аз қамтылған және көп балалы отбасыларының 5000 астам баласы биылғы жазда тегін: туристік бағыттарға қатысу, қала және облыстың қала сыртындағы лагерлеріне бару, шипажайлар мен демалыс базаларында денсаулығын нығайту мүмкіндігін алады. Қала мектептерінің оқушылары Қазақстанның қасиетті нысандары бойынша саяхаттарын бастап та кетті!
Даниал Кенжетайұлы көп балалы отбасының 15 баласына сауықтыру демалысына сертификат табыстады. 
Төрт жасар баланың өмірін сақтап қалған жас батыр, сегіз жасар Виктор Новосельцевке облыс әкімі білім және ғылым Министрлігінің алғыс хатын, жазғы демалысқа сертификат және жаңа нетбук сыйлады. 
Халықаралық балаларды қорғау күні әрбір баланың бақытты балалық шағы болуы керектігін  тағы да біздің есімізге салғандай.