Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Балалардың жазғы демалысы
03-06-2019 15:14
Балалардың жазғы демалысы

Жазғы демалыс кезеңі – оқудан демалатын, көп күттірген уақыт болып табылады. Бұл көңіл көтеретін, өзің қалаған қызығушылықтарды еркін таңдауға болатын кез.

Жазғы мектеп жанындағы  сауықтыру лагері – ата-аналар үшін өте ыңғайлы, бала тегін демалатын орын. Мектеп жанындағы лагерьлердің басым бағыттары, бұл – сауықтыру, білім беру және ойын-сауық қызметтері: ол дегеніміз: таза ауада болу, спорттық, мәдени-көпшілік шараларын өткізу, экскурсиялар, қызығушылық бойынша сабақтар ұйымдастыру. Жазғы демалыспен және сауықтырумен (қала сыртындағы, мектеп жанындағы, бейінді лагерьлер, жазғы ойын алаңдары және өзге демалыс түрлері) жалпы 42784 баланы қамту көзделіп отыр.

8, 15 маусымнан бастап қала сыртындағы «Түрксібке 50 жыл», «Радуга», «Жас қанат» лагерьлері өз маусымын бастайды. Жаз бойы қала сыртындағы лагерьлерде барлығы 4000 астам баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде 2288 бала аз қамтылған отбасыларынан. Мәдениет және салауатты өмір салты сұрақтарымен қатар, жол ережелерін үйрену, өрт қауіпсіздігін сақтау, тілдерді үйрену, бимен, музыкамен айналысу сұрақтарына аса басты назар аударылған.