Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
04-06-2019 18:00
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күні мектеп жанындағы лагерлерде, жазғы оқыту және сауықтыру алаңдарында Мемлекеттік рәміздер Күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өтеді. Мерекенің басты идеясы – қазақстандық патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту.
Лагерлердің салтанатты ашылуы әрұранды орындаудан басталды. «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – халықтың рухани бағдары» бірыңғай  ақпараттық сағатын өткізіп, онда патриотизм, еліміздің мемлекеттік рәміздерін білу және оның еліміздің тарихындағы маңыздылығы туралы айтты. Белсенді жасұланшылар «Біздің мемлекетіміздің рәміздері және олардың маңызы» білгірлер сайысын өткізді. Бастауыш сынып оқушылары «Қазақстан Республикасы - менің туған үйім» мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауына, «Менің Қазақстаным» тақырыбына асфальтта, мольбертте сурет салу сайысына қатысты. Мемлекеттік рәміздерге арналған тақырыптық, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды.