Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Халықаралық Балаларды қорғау күні
03-06-2019 09:24
Халықаралық Балаларды қорғау күні

     2 маусымда Әуезов көшесінде орналасқан «Маяк» пәтер иелері кооперативінің (КСК) аумағында Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі өтті, оны ұйымдастыруға «Бүлдіршін» аула клубы мұрындық болды.

     Мереке аясында балалар би билеуден, ән салудан және асфальтта сурет салу өнерінен өз шеберліктерін шағын ауданның тұрғындарына көрсетті. Іс- шараға ұйымдастырушы - педагог Әлмұратова Радагүлдің басшылығымен аула клубынан барлығы 25 бала қатысты.

     Балалар мен концертке қатысушылар үшін іс – шара мерекелік дастарханмен аяқталды.

     «Аула клубтарының қауымдастығы» мерекені өткізуге көмектескені үшін

«Маяк» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Нажмутдинова Альмираға алғыс білдіреді.     2 маусымда Әуезов көшесінде орналасқан «Маяк» пәтер иелері кооперативінің (КСК) аумағында Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі өтті, оны ұйымдастыруға «Бүлдіршін» аула клубы мұрындық болды.

Мереке аясында балалар би билеуден, ән салудан және асфальтта сурет салу өнерінен өз шеберліктерін шағын ауданның тұрғындарына көрсетті. Іс- шараға ұйымдастырушы - педагог Әлмұратова Радагүлдің басшылығымен аула клубынан барлығы 25 бала қатысты.

Балалар мен концертке қатысушылар үшін іс – шара мерекелік дастарханмен аяқталды.

«Аула клубтарының қауымдастығы» мерекені өткізуге көмектескені үшін «Маяк» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Нажмутдинова Альмираға алғыс білдіреді.