Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Жазғы бейіналды алаңы» жобасы
10-06-2019 17:36
«Жазғы бейіналды алаңы» жобасы

2019 жылғы 3  маусымнан бастап білім бөлімі мен қала колледждерінің директорлары кеңесі арасында қол қойылған Меморандум негізінде Мұхтар  Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище, Радиотехника және байланыс колледжі, Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі және Бизнес және Сервис колледждері базасында іске асырылатын «Жазғы бейіналды алаңы» жобасы бастау алды.

Колледждер мамандықтар бойынша сабақтар жоспары мен мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша жоспар әзірледі. Жобаға  № 1, 3, 4, 6, 12, 16, 17, 23, 28, 29, 31, 34, 36, 37, 38, 40, 43, 47  ЖОББМ 7-8 сыныптарының 350 оқушысы қатысады.

Жоба маусым айының аяғына дейін жалғасады.