Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Облыс әкімі Д. К. Ахметовтың дарынды балалармен кездесуі және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 20 жылдық Форумы өтті
11-06-2019 11:56
Облыс әкімі Д. К. Ахметовтың дарынды балалармен кездесуі және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 20 жылдық Форумы өтті

Облыстың дарынды балалары есте қаларлық бірнеше күнді бірге өткізді. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оларға арнап «Дарын жұлдыздары» жыл бойғы оқу-сауықтыру лагерінің базасында Ғылыми Мектеп ұйымдастырды. Қатысушылар арасында: облыстың ең үздік оқушылары, республикалық, халықаралық зияткерлік және шығармашылық олимпиадалар, конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері болды.

Облыс әкімі Д. К. Ахметовпен кездесу балалар үшін жарқын оқиғалардың бірі болды. Кездесу ашық қарым-қатынас және пікір алмасу форматында өтті. Кездесу модераторлары оқушылар болды. Семей қаласынан облыс әкімімен кездесуге 16 республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.Дөңгелек стол басында Пригород орта мектебінің 11-сынып оқушысы, Мәскеу облысы Королев қаласында өткен Жалпыресейлік «Адам-Жер-Ғарыш» ғылыми-зерттеу конкурсының 1-Дәрежелі дипломы мен алтын медаль иегері Овчаров Денис отырды. Жиын соңында Дениске облыс Әкімінің Грамотасы табысталып, ноутбук сыйға тартылды. Мұғалімі Қабдилришад Қарахановқа Алғыс хат және 150 000 теңге сертификаты берілді.

Ғылыми Мектеп аясында қатысушыларға арналған мәдени- танымдық шаралар: Шүлбі ГЭС-іне, қарғайлы орманға саяхат, спорттық ойындар, зияткерлік-дамытушы ойындар бағдарламалары т.с.с. ұйымдастырылды.

Форум соңында балалар алған әсерлерімен ой бөлісіп, жасалған жағдайларға ризашылықтарын білдіріп, өздеріне артылған сенімді ақтауға бар ынта-жігерлерін жұмсайтындықтарына уәде етті.