Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Болашақ жастардікі»
14-06-2019 10:29
«Болашақ жастардікі»
Бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде бір мезгілде мектеп түлектері өміріндегі тамаша, толғанысты мерекелердің бірі – мектеппен қоштасу кеші өтуде.
Қаламызда биыл 1696 бала 11 сыныпты бітірді. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша 58 оқушы «Алтын белгі» белгісінің, 55 мектеп бітіруші үздік аттестат иегері болды. Жыл сайын мемлекетіміз бюджеттен ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалатын білім беру гранттарын бөледі. Сонымен қатар, облыс әкімі мен қала әкімінің де гранттары берілетін болады.
Мектептің мәжіліс залында мұғалімдер мен ата-аналар жиналды. Мектеп түлектеріне аттестаттармен бірге оқудағы, спорттағы жетістіктері, белсенді өмірлік ұстанымы үшін грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
Қала әкімінің орынбасары А.Садырбаев, дербес бөлім басшылары, шақырылған қонақтар балаларды мектеп бітірулерімен құттықтады. Кеш мерекелік концертпен жалғасты. Мереке балалардың таңды қарсы алуымен аяқталды.
Мектеп бітіру кештері ерекше толғаныста және жайлы атмосферада өтті.