Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XII Республикалық математикалық турнирі
17-06-2019 10:11
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау»  XII Республикалық математикалық турнирі

Математикаға қабілеті бар дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту мақсатында 2019 жылғы 9-12 маусым аралығында Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары арасында ХІІ Республикалық "Бастау" математикалық турнирі өтті.

Турнир үш айналым бойынша өткізілді. 1 айналым –  «Әу баста!» (жазбаша командалық олимпиада), 2 айналым – «Асық» (ауызша командалық олимпиада), 3 айналым – «Математикалық бәйге» (ауызша-жекелей олимпиада).   

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 150-ден астам оқушы (50 команда), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектебінің және Республикалық жеке меншік мектептер қауымдастығының командалары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының командасы құрамында Семей қаласының оқушылары Мадияр Иманбеков (4 сынып, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ), Әлтаир Құсманов (4 сынып, «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ),    Рахан Олжас (2 сынып, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ), Арнұр Нұрғазин (3 сынып, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ)  қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте І дәрежелі дипломмен Мадияр Иманбеков (4 сынып, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ) марапатталды.

«Математикалық бәйге» ауызша-жеке олимпиадасының қорытындысы бойынша Арнұр Нұрғазин І орынды (3 сынып, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ) жеңіп алды, Мадияр Иманбеков (4 сынып, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ) ІІІ орынға ие болды.  Әлтаир Құсманов (4 сынып, «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ), Рахан Олжас (2 сынып, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ) турнирде ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

Турнир нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы І жүлделі орынды иеленді.