Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Біз бақытты осы күнді және бақытты келешекті таңдаймыз!»
21-06-2019 17:34
«Біз бақытты  осы күнді  және бақытты келешекті таңдаймыз!»

26 маусымда нашақорлық және заңсыз есірткі заттар айналымымен күрестің Халықарлық күні аталып өтіледі.

Балалар-жасөспірімдер ортасында нашақорлық профилактикасы, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлыққа теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстану және шығармашылық дамуға саналы ұмтылуға тәрбиелеу мақсатында  2019 жылғы 21 маусымда қала сыртындағы«Радуга» лагерінде қалалық наркологиялық диспансер және Семей қаласының ПБ ЕКБ бірлескен  «Есірткіге – жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!» акциясы өткізілді.

Үш команда салауатты өмір салты туралы викторинада өз білімдерін көрсетіп, спорттық эстафеталарда күштерін, жеңіске деген талпыныстарын және ептіліктерін көрсетті. Әсіресе балалардың жалпы мақсатқа жетуі үшін командада жұмыс істей алатындықтарын бақылау айрықша қуаныш сыйлады.

Балалар акцияға қатыса отырып, салауатты өмір салтын ұстанып және жақсы спорттық  қалыпта болудың қаншалықты маңызды екендігіне көздерін жеткізді.