Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ұлт келешегі – Айбынды жастарда!
24-06-2019 15:37
Ұлт келешегі – Айбынды жастарда!

Мінезді де айбынды өз ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Олай болса кеше ғана Қарағанды қаласында 17 - 22 маусым аралығында ұлттық патриотизмді насихаттап өз елін сүйетін, намысты қолдан бермейтін жас жеткіншектердің басын қосқан V Республикалық әскери-патриоттық Айбын жастар жиыны өтті. Осыған орай, Шығыс өңірлік қолбасшылық атынан сынға түскен Аягөз, Өскемен, Үшарал әскери-гарнизонының балаларымен бірге Семей қаласындағы «№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің  «Жас Барлаушы» клубының 9-10 сынып оқушылары Алтынбеков Диас, Серикказыева Айсұлу, Қайнарбекова Ақгуль,  Бейсенғали Нұрасыл, Абдрахманов Алибек  бақтарын сынап қайтты.

Нәтижесінде ҚР-ң Қарулы Күштерінің басқа да құрылымдарының әскери-патриоттық клубтары арасында жалпы командалық есепте шығыстың шымыр ұл-қыздары намысты қолдан бермей І орынды жеңіп алды. «Әскери-далалық тактикалық ойын» жарысы бойынша II орынды жеңіп алса, «Айбын дауысы» жекелей ән байқау сайысынан 10 сынып оқушысы Серикказиева Айсұлу ІІІ орынға және «Менің роботым» сайысында ІІ орынға ие болды.

Болашақ жас патриоттарымызға алдағы уақытта да жеңістер тілеп, биіктерден көрінуіне тілектеспіз!