Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қуанышқа толы демалыс!
26-06-2019 16:52
Қуанышқа толы демалыс!

Жазда балалар өздерінің көптен күткен  демалыстарына шығады.

Ересектердің басты міндеті - балалардың жазғы демалыстарын  айқын да, жарқын оқиғалармен және қызықты саяхаттармен толықтыру.

Қаланың мектеп оқушыларының жазғы демалысы 3 қала сыртындағы лагерде және 1 шипажайда ұйымдастырылған:

Михайлов көлдеріндегі «Түрксібке 50 жыл»(№ 3 ЖОББМ), жаз бойы қамту -1900 бала;

«Karagaily» профилакторийі ауданындағы  «Жас қанат»сауықтыру лагері – жаз ішінде400 бала демалады.

«Орленок» саяжайлары ауданындағы «Радуга»сауықтыру лагері – жаз ішінде қамту  – 664 баланы құрайды;

«Қарағайлы» сауықтыру шипажайында -  430 бала демалады.

Сондай-ақ облыстық «Дарын» «Горная Ульбинка» қала сыртындағы лагерлерінде,  Алакөлдегі «Үржарайым» лагері, Қатон-Қарағай ауданындағы «Сұңқар» лагері және  «Шығыс Ұландары» әскери-патриоттық лагері.

4000 астам бала қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады, оның ішінде   3039 бала аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін жолдамамен демалады.

Қала сыртындағы лагерлерде балалармен тәжірибелі тәрбиешілер мен креативті тәлімгерлер жұмыс істейді, лагерлердің бағдарламасында балалардың белсенді демалысына, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ететін әртүрлі спорттық-танымдық, дамыту ойындары,  сайыстар қарастырылған. Балалар күн сайын толыққанды, әртүрлі және дәмді тағамдар ішеді.  Тағам рационында шырындар, күнделікті әкелініп отыратын көкөністер мен жемістер бар.

Қала сыртындағы лагерлерде өткізілген күндер біздің балаларымыздың жадында көпке дейін сақталады деген үміттеміз!