Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ну орманның жолақ патшасы
01-08-2019 15:05
Ну орманның жолақ патшасы

Ірі жыртқыш аң - жолбарыстың айбарлы күшінен адамзат сескенеді,  сонымен қатар оның кербездігіне таң қалады. Жолбарыстарды аулау кесірінен бүгінгі күнде олардың саны 25 есе төмендеп отыр.

Бүкіл әлем қауымдастығы жер бетінде жолбарыстардың жойылып бара жатқанын мойындап отыр. Сондықтан саналы тұлғалар қоғам алдында осы маңызды мәселені көтеруге ат салысуда.

Адамдардың тұрғын жерлерін кеңейтуі жолбарыстардың табиғи өмір сүретін мекенін өзгертуге әкеліп соқты. Байлықтың көзін іздеп, жануарларға зорлық-зомбылық көрсеткен әрекеттері салдарынан жолбарыстар сирек кездесетін жануарларға айналды.

Мекендейтін аймағының тарлығына байланысты жолбарыстың Бали және Яван түрлері мүлдем жойылған. Алпауыт Каспий жолбарысы терісінің әдемі қоңыр-алтын түсі де олардың жойылуына себепкер болды.

Адамдар жолбарыстардың тоғыз түрінен үш түрін өз қолдарымен жойды. Қалған алты түрі де саны және өңіп-өсу жағынан ерекшелене алмайды.Сондықтан көптеген елдерде қоғамның назарын жойылып бара жатқан жолақ аңдарды қорғауға аударуүшінжыл сайын 29-шілдеде Халықаралық жолбарыс күні аталып өтеді.

Семей қаласының биологиялық орталығындағы экологиялық лагерьде  «Ну орманның патшасы» тақырыбына арналған іс-шара атап өтілді. Балалар мысықтәрізділер: пантера, барыс және арыстан қауымдастығы атынан жолбарыстарға қолдау мақсатында  сахналық қойылымдар көрсетті. Насихаттау үшін ұрандар, плакаттар, өлеңдер, өздері шығарған тақпақтар оқып, би биледі. Жолбарыстар айбарлығы, айласы, күштілігі мен жылдамдығына қарамастан адамдардың қатыгездігі мен аяусыздығына төтеп бере алмағандығын және әрбір адам тіршілікке жауапты екенін, өз пайдасы үшін қорғансыз жануарларды жоймауы туралы сөз болды. Ежелгі мысыр аңызында жолбарыстарды табынатын және сыйынатын жануар ретінде баяндаған, шынында олардың көлемдері сиқырлы және үш санымен тығыз байланысты. Олардың бойының ұзындығы үш метр, ең ауыр салмағы – 300 кг, миының салмағы 300 гр, олар баласын құрсағында үш ай көтереді және жолбарыстар 30 жылға дейін өмір сүреді. Бұл кербез жануарлар биіктігі 5 метрге және ұзындығы 6 метрге дейін секіре алады. Жүгіру жылдамдығы сағатына 60 км-ге дейін барады. Бір қызығы олардың терісінде 100-ге жуық айрықша жолақтар бар. Іс-шара соңында балалар бірлесіп жануарларды қорғауға арналған  өлеңмен аяқтады.