Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жаса
15-08-2019 18:12
«Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жаса

Жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясынан № 38 ЖОББМ де шет қалмады.  2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл шілде айынан басталып отыр. Акция қыркүйек айының соңында аяқталады. «Акцияның мақсаты –  аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету. Шілде айында басталған бұл акция осымен  тоқтап қалмай, оқу жылы бойы өз жалғасын табады. Бүгінгі таңда ерікті демеушілердің көмегімен мектебімізде көмекті қажет ететін 2 отбасына 150 000 теңгеге мөлшерінде оқу-құрал жабдықтары мен мектепке қажетті киімдер мен аяқ киім алып берілді. Біз алдағы уақытта демеушілер мен ата-аналар қоғамдастығының көмегімен тағы да бірнеше отбасын қуантамыз деген үміттеміз, өйткені біздің айналамызда мейірбан жандар жетерлік.