Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Семей қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі
28-08-2019 09:04
Семей қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз  кеңесі

Абай атындағы театрда Семей қаласы білім беру қызметкерлерінің «КЕLESHEKKE-KEMEL BILIMMEN!» дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті.

Іс-шара басталғанға дейін театр фойесінде робототехника бойынша оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды, жас ақындар ұлы ойшыл, ақын Абай шығармаларын жатқа оқыды, сонымен қатар, Абай шығармаларын оқудағы ұстаздар мен оқушылар арасында челлендж бойынша тақырыптық қойылым көрмесі өткізілді.  

Пленарлық отырысқа  Семей қаласының әкімі Е. Б. Сәлімов, мәслихат хатшысы Б. К. Ақжалов,  жоғары оқу орны ұйымдары, колледждер, мектеп басшылары, еңбек ардагерлері,мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың,қоғамдық ұйымдар, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты. Алғаш рет мектепішілік өзі-өзін басқару көсбашылары қатысты.

Биылғы жылы тамыз кеңесінің форматы өзгертілді. Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.А.Фесенконың баяндамасы педагогтер мен ата-аналар танысу үшін алдын ала білім бөлімінің сайтында орналастырылды.  Оқып танысқаннан соң олар өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын, толғандырып жүрген сұрақтарын білім бөліміне жолдады. Ал білім бөлімінің басшысы өз сөзінде жаңа оқу жылының ағымдағы міндеттеріне тоқталды.

Кеңес басталмас бұрын қонақтарға 2018-2019 оқу жылындағы Семей қаласы білім беру жүйесінің дамуы туралы видеоқойылым көрсетіледі.

Қала әкімі Е. Б. Сәлімов жыл бойы атқарылған жұмысқа қорытынды жасады және қалалық білім беру жүйесінің алдағы оқу жылында атқаратын жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті. 

Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тәрбиеленушілердің зерттеу қабілетін қалыптастыру және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері, 2016-2019 жылдарға арналған "Дарынды мектеп" кешенді жоспарын іске асыру бойынша "Ой  ойна" технологиясы, мұғалімнің кәсіби шеберлігі және оның бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі, білім сапасын арттыру факторларының бірі корпоративті және коллаборативті орта құрудағы білім беру ұйымы басшысының рөлі, білім беру ұйымындағы тәрбие жүйесін басқарудағы тың тәсілдері, балалар мен жастардың психологиялық орталығының тиімді кәсіби көмегі мен кеңесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттері аясында мектеп, ата-аналар қауымдастығы, әлеуметтік әріптестер, балалар қауымдастығы мен қоғамдық бейресми бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру жөнінде мәселелер қарастырылды.

Үздік ұстаздар Ы. Алтынсарин төсбелгісімен, ҚР білім Министрлігінің, облыс, қала Әкімі, білім басқармасының грамотасымен және қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің марапаттарымен марапатталды.