Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Ата заң-ел тірегі»
28-08-2019 16:17
«Ата заң-ел тірегі»

28 тамыз 2019 жылы «Балалар мен жастар шығармашылық сарайы» КМҚК-ның II-корпусы және Өнер мектебімен бірге Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған, «Ата заң-ел тірегі» атты мерекелік-мәдени көпшілік іс-шара өтті.

Шараның мақсаты: жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасының Конституция күнін құрметтеу, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Мерекелік шарада  асфальтта сурет салынап, шахмат, дойбыдан достық ойыны, патриоттық әндер шырқап, би билеп, қауымға тамаша көңіл – күй сыйлады. Сонымен қатар тәрбиеленушілер қонақтармен бірге флеш моб биін бірлесе белсенді биледі. Бір сағатқа дайындалған мерекелік-мәдени көпшілік іс-шараға, 100-ге жуық көрермендер және қала қонақтары өз ризашылықтарын білдірді.