Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының секциялары
29-08-2019 16:25
Мектепке дейінгі  білім беру педагогтарының секциялары

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесі шеңберінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің облыстық және қалалық секциялары өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс сапасын арттыру жолдары және инновациялық жұмыс тәсілдемелері туралы талқыланып отырған тақырып басшылардан бастап тәрбиешілерге дейін 100-ден  астам қатысушыларды жинады.  

Жұмыс барысында бірнеше балабақшалардың жұмыс тәжірибесі тыңдалды, атап айтқанда: № 1 «Арман» я/б, № 8 «Балбөбек» я/б,№ 9 «Айгөлек», «Нұр-Дәулет» б/б, «Ақылтай» б/б, қатысушылар балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты, диалогтық алаңды, көрмені аралады.  

Қатысушылар сондай-ақ 2019-2020 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы жаңа нұсқаулық-әдістемелік хаттың жобасын талқылады.   

Жаңа оқу жылында жаңартылған мазмұн үдерісі жылдық жоспарды қайта құру, жас ерекшеліктерінің өзгеруі, оқу жоспарын қайта қарастыру, қауіпсіз білім беру ортасын жағдайын жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңарту және цифрландыру арқылы іске асырылатын болады.