Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Орал өңірінің саяхатшылары мен биологиялық орталықтың жас натуралистері арасындағы достық кездесу
29-08-2019 16:26
Орал өңірінің саяхатшылары мен биологиялық  орталықтың  жас натуралистері арасындағы достық кездесу

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толу қарсаңында тамыз айының 25-27 аралығында Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығы мен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының "Қазақстанның жеті кереметі" атты балалар-жасөспірімдер туризмі мен экологиясы орталығының достық кездесуі өтті.

            Жас саяхатшылар үшін Семей қаласының көрнекті орындары мен мұражайларына экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар өлке-тану мұражайына, мемлекеттік тарихи-мәдени Абайдың әдеби-мемориалдық қоры мұражайына, "Алаш арысы" мұражайына барды. Ұлы ақын Абайдың туған жері Жидебайға барып, ежелгі тарихтан құнды ақпараттар алды. Барлық танымжорықтардан соң Семейдің қарағайлы орманында орналасқан «Қасиетті бұлаққа» барып, таза ауада табиғатты тамашалады. Үшінші күні Семей ядролық полигонынан азап шеккендерге қойылған "Өлімнен де күшті" монументіне және Бейбітшілік стелласына барды, соңында биологиялық орталықта саяхат барысын қорытындылап, алған әсер-пікірлерімен бөлісті. Жас саяхатшылар көптеген қалалар да болса да ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар туып-өскен жерлерді өз көздерімен көруі мәңгілік естерінде қалатынына сенімдіміз.

         Көптеген балалар Семей қаласының жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыратыны және біздің қаламызға тағы да қонақ болатыны туралы ойларын білдірді.