Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Алғашқы қоңырау»
01-09-2019 13:43
«Алғашқы қоңырау»

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Білім күні мерекесі – бұл жаңа оқу жылындағы алғашқы шара және патриоттық, идеологиялық маңызы бар мереке болып табылады.

Жаңа оқу жылында 5050 бірінші сынып оқушысы алғашқы рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Білім күні мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және мұғалімдер арасында әлеуметтік желілерде Білім күніне арналған 1-2 минуттық позитивті бейнеролик орналастыру бойынша республикалық «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» интернет-акциясы өткізілді.

Салтанатты шараға қала әкімі Е. Сәлімов қатысып, № 37 гимназия оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Салтанатты саптан кейін сыныптарда алғашқы мерекелік «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» азаматтық және патриотизм сабағы өткізілді.

Оқушыларға, мұғалімдерге күздің осы бір алғашқы ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық  және жаңа бастамаларда  тек қана сәттілік тілейміз!