Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Балалар табиғатқа ұмтылады!
09-09-2019 18:09
Балалар табиғатқа ұмтылады!

Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығында 8 қыркүйекте оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдер, қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ашық есік күні өткізіліп, табиғат әлемінің сыры ашылды. Ұйымдастырылған іс-шарада қатысушыларды биологиялық орталық оқу-материалдық және кәсіби әлеуметтің барлық ресурстарын барынша қолдана отырып, биологиялық-экологиялық бейіндегі қосымша білім беру ұйымының инновациялық үлгісі ретінде «тірі табиғатты танудағы қызықты оазис» ортасы болып табылатынын жеткізді.  

Көптеген жылдар бойы биологиялық орталық балалар мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуге ат салысып келеді, олардың қабілеттері мен дарындылығын ашуға, балалар мен ересектерді тірі табиғатқа, қоршаған ортаны қорғауға баулуда. Мұнда жаратылыстану ғылымдары саласында балаларды білім беру, дамыту және тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған. Өз тарихында мыңдаған шәкірттері кейіннен белгілі ғалым — биолог, экологтар, медицина қызметкері, оқытушылар болды, бірақ ең бастысы — мейірімді және қайырымды адамдар болып қалыптасты.

Іс-шараға қатысушылардың назарына жас натуралистер мен орталықтың педагогтары: «Орнитология», «Зоология», «Бау-бақша», «Өсімдіктану»,  «Өлкетану және туризм», «Дәрілік өсімдіктер әлемі», «Гүлдендіру», «Дендрология», «Аранжировка және флористика», «Табиғат және біз» үйірмелерімен  жақынырақ танысуға, мектептен тыс білім беру ұйымдарына тән ортаға көз жүгіртуге, педагогтарға өздерін толғандыратын сұрақтарды қоюға және қойылған сұрақтарға толықтай жауап алу бағытында ұйымдастырылған тұсаукесер жасады. Аталған шараға жиыны 348 бала мен ата-ана қатысты, оқушылар үйірмелерге жазылуға тілек білдіріп, көңілдерінен шыққаны туралы пікір бөлісті.

Мерекеге қатысушылар биологиялық орталықта оқу-тәрбие жұмыстары жыл бойы үздіксіз жалғасатынына мәлім болды. Оқу жылында 800-дей тәрбиенушілер білім алады, жазғы кезде балаларға экологиялық лагерь ұйымдастырылып, 700-ден астам оқушы Полковничий аралының тамаша тірі табиғатында қызықты дем алып, орталықтың флорасы мен фауна топтамаларымен танысуға мүмкіндік алады.

Биоорталықта балалар мен халық арасында экологиялық мәдениет пен білім беруді алға жылжыту бойынша белсенді насихат жүргізілуде, осы орайда аталған ұйым «Қуатты тиімді пайдалану технологияларды енгізу» жобасын іске асыру бойынша пилоттық алаң ретінде таңдалды. Жоба аясында биоорталық аумағында: агроталшық, күн су коллекторы орнатылды. 2020 жылға дейін оқу корпусында барлық ескі қыздыру шамдары энерготиімді шамдарға ауыстырылады, ал жылыжайда және оранжереяда фитодиодты шамдар орнатылады. Күн су коллекторы –энергияның баламалы көзі арқасында биоорталықта жыл бойы ыстық су бар, бұл жабдық ұйымның бюджетіне ешқандай қаржыдай нұқсан келтірмейді.

Сондай-ақ, 8 қыркүйек Қазақстанда «Отбасы күні» мерекесі болып саналады. Отбасы - әр адамның өміріндегі ең басты қорғаны: жақын, бір туған, үлгі тұтатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдары. Біз жанұямызда ғана сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен құрметтеуді үйренеміз. Іс-шараның ұйымдастырушылары баршаңызға жақсылық, отбасылық амандық тілей отыра әрқайсыңызды табиғаттың жайлы да үлкен шығармашылық бұрышында күтеді.