Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Үш күндік әдістемелік оқу жиыны туралы хабарлама
13-09-2019 18:17
Үш күндік әдістемелік оқу жиыны туралы хабарлама

2019 жылдың 09-11 қыркүйек үш күндік әдістемелік оқу жиыны Семей өңірі мектептері мен колледждерінің  алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы ұйымдастырушылар мен «Жас сарбаз» тәрбиешілер арасында  ұйымдастырылып, өткізілді.

   Мақсаты:

- Елбасы жолдауын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

2017 жылғы 12 шілдедегі «Бастапқы әскери даярлық қағидасын бекіту туралы»

№ 347 бұйрығын іске асыру;

- Семей өңірі мектептері мен колледждерінің  алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы- ұйымдастырушылар мен «Жас сарбаз» тәрбиешілерінің әдістемелік шеберлігі мен біліктілігін көтеру;

Қатысушылар оқу жиынын   қорғаныс істер жөніндегі басқармасының саптық алаңында саптық байқаумен киім кию үлгісі, құжаттарының сәйкестігінің тексеруімен басталды.

Әдістемелік оқу жиынын ашылуында  қорғаныс істер жөніндегі басқармасының

бастығы подполковник Айтбаев Ж.Жсөз сөйледі.

Қорғаныс істер жөніндегі басқармасының ақпараттық залында ҰОС жеңісіне 75 жыл аясында, «Аталар жолымен» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Салтанатты жиынға ҰОС ардагерлері Ахмеров,Каломин ,қала әкімінің орынбасары

А. Садырбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі,қала ардагерлерінің төрағасы А.Доғалақов және басқа қарулы күштерінің ардагерлері,мектеп және колледж директорлары қатысты .

Соғысқа қатысқан жауынгерлердің тізім кітапшалары архивтен алынып,тізім кітапшалары электрондық түрде жазуға колледж директорларына тапсырылды.

Осы жиында «Айбын» әскери - патриоттық оқу жиынына қатысқан, әскери оқу орнына түскен оқушылардың директорларымен мұғалімдері марапатталды.

Әдістемелік оқу жиынында саптық дайындықтан,атыс дайындығынан, дене шынықтыру дайындығынан нормативтер қабылданып, әскери пәнінен тест тапсырылды. Оқу жиында баяндамалар оқылды.

Баяндамалар оқығандар:

Укубасов Б.М,Курманов Б.А,Мухамадиев Қ.Д,Оразгалиев .Е.Е,Тусупов С.А,Конырбаев Е.Ш,Ибраев Б.М

         Әдістемелік оқу жиынында Семей аймағы 2019-2020 оқу жылына мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылары мен «Жас сарбаз» сыныбының әскери жетекшілері  бірлестігінің әдістемелік жұмыс жоспары мен  әскерге дейінгі және әскерге шақыртылатын мектеп жасөспірімдер,«Жас сарбаз» сыныптары арасында өтетін қалалық спартакиаданы өткізу ережесі талқыланды және алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының әдістемелік бірлестігі құрамы құрылды.

 «Жас сарбаз» сыныбының жоспарлар мен құжаттарды талқылады. 

Әдістемелік оқу жиыны қортындыланып,Республикалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің сертификаттары мен мақтау қағаздары тапсырылды.