Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
17-09-2019 10:41
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

2019 жылғы 3 қыркүйекте  құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі  өтті. Бұл іс-шараға №6 гимназия, Экономикалық лицей, № 3, 4, 7, 8, 9, 11, 12, 15, 16, 17, 20, 27, 28, 29, 32, 36, 38, 41, 47, 49 ЖОББМ   7, 8, 9 сыныптардан 69 оқушы қатысты.  

Олимпиаданың қалалық кезеңі «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша конкурс форматында өткізілді.

Жұмыстарды бағалау жобаның рухани-адамгершілік тереңдігін ашу, қатысушылардың шығармашылық дербестігі, белсенді өмірлік ұстанымын көрсетуі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алу іскерлігі,  командада жұмыс жасау іскерлігі

критерийлерге сәйкес жүзеге асырылды.

Әділқазылардың шешімі бойынша оқыту қазақ тіліндегі командалар  бойынша:

І орынды №8 ЖОББМК құрама командасы, ІІ орын – №36, 41 ЖОББМ,  ІІІ орын – №4, №16, 17  ЖОББМ жеңіп алды.

Оқыту орыс тіліндегі қатысушылар арасында жүлделі орынды келесі командалар бөлісті: І орын – Семей қаласының №6 гимназиясы, ІІ орын – №11, 20 ЖОББМ, ІІІ орын – №12, 28 ЖОББМ.

Олимпиаданың жеңімпазы, ГРАН-ПРИ иегері – Светлана Калинкина (7 сынып), Даниял Акимеев (8 сынып), Дарья Якубовская (9 сынып) құрамындағы «Экономикалық лицей» КММ командасы Семей қаласының атынан 2019 жылғы 28 қыркүйекте өткізілетін Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.