Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті
18-09-2019 16:30
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары адамгершілікті, жауапты, бастамашыл азаматты және патриотты тәрбиелеу мақсатында
2019 жылғы 17 қыркүйекте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Оған  ШҚО 17 аудан қатысушылары қатысты.

Қатысушылар Ережелерге сәйкес дайындалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұранымен өздерінің білімдерін, біліктерін көрсетті.

Слет қорытындысы бойынша білікті әділ қазылар алқасы «Барлығымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» «Үздік үгіт бригадасы» номинациясында Зайсан ауданы мен Алтай ауданының командаларын,  «Біз жарқын болашақ үшін» үздік бейнеролик» номинациясында Катонкарғай ауданың командасын атап өтті, «Үздік театр қойылымы» номинациясында Шемонаиха ауданың командасы жеңіске жетті. Өскеменнен бір оқушы және Семей қаласының «№ 15 ЖББОМ» КММ 3 сынып оқушы Бельский Алексей «Үздік сурет» жүлдесінің иегерлері атанды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Гүлнұр Айтқұрманқызы Бекбаева жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру - мектептегі тәрбие жұмысының әлеуетін пайдалану болып табылатынын атап өтті.

Білім беру мекемелері мектептік ортада рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Адал ұрпақ» мектеп клубының жұмысын жалғастырады.