Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Футбол алаңының салтанатты ашылуы
19-09-2019 17:00
Футбол алаңының салтанатты ашылуы

Приреченск орта білім беретін мектебінде демеушілік қаражат есебінен салынған жасанды жабыны бар футбол алаңының салтанатты ашылуы болды. Құрылысты мектеп түлегі Садырбай Фархат басқарған «Гранит-М» ЖШС жүргізді және Садырбаевтар отбасы мектеп пен ауылға сыйлық ретінде ұсынды. Садырбаевтар отбасының бірнеше ұрпағы Приречное ауылында тұрып, кейін елордаға көшті. Жаңа футбол алаңы тұрғындарды сауықтырумен байланысты көптеген күрделі мәселелерді шешетін бұқаралық дене шынықтыру-спорттық жұмысты қамтамасыз етед: бұл мектептегі спорт пен дене шынықтыру қозғалысын дамытуға қосымша ынталандыру болады. Жаңа спорт нысанының басымдығы балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді дамуы болып табылады және осыған байланысты мектептің футбол алаңы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізетін орынға айналады.