Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Аға тәлімгер болу керемет!
23-09-2019 16:07
Аға тәлімгер болу керемет!

Топбасшы сөзінің мағыналарының бірі - тәлімгер, жол сілтеуші, бағыт-бағдар көрсетуші.Бірнеше жылдар бойы мектепте  жұмыс істеген тәлімгербалалар үшін нағыз досқа айналады, оқушылар қуанышын да мұңын да осы топбасшыға айта алады. Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасайтын адамның міндеті - жасына қарамай, әр оқушы жүрегінің кілтін таба, түсіне, әрі таңдай білу керек. Нағыз кәсіби  аға тәлімгер болу үшін не қажет?Кез келген басқа жұмысқа келетін болсақ, бір тілек жеткіліксіз, сізге ең алдымен балаларды жақсы көру, жұмысты шығармашылықпен істеу керек.

2019 жылдың 20 қыркүйегінде қала сыртындағы «Радуга» лагерінде  биыл төрт жыл қатарынан қалалық тәлімгерлер жиыны өтті.

Қала мектептеріненкелген 40- қа жуық тәлімгер команда құру, КВЕСТспорт ойыны бойынша тренингтерге  қатысып, кездесуге  жаңадан келген тәлімгерлерді қатарға қабылдау бастамасымен аяқталды.

Жиын өте көңілді өтті, тәлімгерлер тренингтерге белсенді қатысып, жаңа келгендермен тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылына шығармашылық күш қуат алды.