Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Былғары доп - 2019»
24-09-2019 09:17
«Былғары доп - 2019»

Қыркүйектің 18 күні Семей қаласы әкімінің жүлдесіне арналған футболдан аула клубтары командалары арасында «Былғары доп - 2019» өңірлік турнирінің қорытынды ойындары мен салтанатты аяқталуы «Спартак» стадионында өтті.

Ойындар жазғы каникул уақытында өтті, жарысты өткізу аясында тамыз айында қатысушылар арасында футболдық байқаулар өткізілді.

Турнирдің қорытындысы бойынша ересектер тобында «Бесқарағай» командасы (Бесқарағай ауданы), орта және кіші топтар арасында «СКА» командасы (Новостройка) бірінші орынды иеленді. Қыздар арасында «Жолдас» аула клубы жеңімпаз атанды. (№ 36 орта мектеп).

Турнир «Аула клубы қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткізілді (мекеме басшысы Мурсалимов Т.). Барлығы 37 команда ұлдар және 3 команда қыздар қатысты.

Турнирдің жабылу салтанатында қалалық білім бөлімінің орынбасары Г.Б.Оразбекова барлық қатысушыларды турнирдің аяқталуымен құттықтап, жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, үздік ойыншыларды марапаттады.